2019 жылғы 18 ақпан күні қалалық Достық үйінде өзге ұлт жастары арасында «Тіл-Парасат» атты қазақ тілі білгірлері байқауы өтті. Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту болды.
3 кезеңнен тұратын байқау барысында қатысушылар қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған тапсырмаларды орындап, эссе жазды. Белгілі бір тақырыптарға монолог құрып, мәнерлеп айтудан сайысты.
Байқау қорытындысы бойынша Семей медицина университетінің 1-ші курс студенті Юлия Коровина бас жүлдеге иеленіп, байқау ұйымдастырушылары тарапынан планшетпен марапатталды. Юлияның жетекшісі мемлекеттік тілді дамыту маманы Жәукенова Сәуле Әділбекқызы атап өткендей, байқау өте тартысты өтті. Қаланың 12 оқу орнынан қатысқан сайыскерлер мемлекеттік тілді өте жоғары деңгейде меңгергенін көрсете білді.