2019 жылдың 11-15 ақпан аралығында “Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина” кафедрасында “Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг” тақырыбында қоғамдық денсаулық сақтаудың қысқы мектебі өтті.
Мектептің алғашқы күні “Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина” кафедрасының меңгерушісі,доцент Хисметова З.А қатысушыларға қысқы мектептің мақсаты және міндетттері,сондай-ақ бағдарламасы туралы айтып,ізгі тілегін жолдап,сәттілік тіледі.
Қысқы мектеп бағдарламасына сай “Стратегиялық менджмент және маркетинг” жетекшісі Калбагаева Ж.Е ,”HR менеджмент” жетекшісі Атабаева А.К, “Тәуекел менеджмент” жетекшісі Мукушева А.А, “Тайм менеджмент және маркетинг” жетекшісі Кайратова Г.К ,
“PR менеджмент және маркетинг” жетекшісі Искакова Н.С. тақырыбтарында тренинг жүргізілді.
Тренинг барысында қатысушыларға мультимедиялық дәрістер және бейнебаяндар ұсынылып,алынған дағдылар топтық ойындар мен пікірталас кезінде іс-жүзінде қолданылды. Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылған тренингте қатысушылар аса белсенділік танытты және тренингтің соңғы күні,қоғамдық денсаулық сақтаудың қысқы мектебінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Жаңбыршын Аруай 303 ҚДС