7 ақпанда Семей медицина университетінің "KazMSA" жастар организациясы, "Жастар жылы" аясында "QAZAQSTAN" АҚ ШҚОФ ұйымдастырған "JasActivists" облыстық конкурсында жеңіске жетті.
Бұл байқаудың мақсаты – үздік жастар ұйымын анықтау еді.
Байқауда жеңіске жетулеріне байланысты LC KazMSA SMU жергілікті директоры – Ринатова Камилла Ринатовна, "Жалпы медицина" мамандығының 341-топ студенті және ішкі істер бойынша Вице-директоры – Толқынбекова Айым Бейбітқызы, "Жалпы медицина" мамандығының 220 – топ студенті телебағдарламаға қатысу үшін "ALTAI" телестудиясына тікелей эфирге шақырылды.
Біз, Университетімізге, Жастар ісі жөніндегі комитетке және кәсіподақ комитетіне, көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!