2019 жылдың ақпан айынан бастап бірінші курс студенттері үшін өзіндік бағалау мен рефлексияғаға бағытталған семинар- тренингтер циклі ұйымдастырылып жатыр. Осындай семинар-тренингтердің басты мақсаты – өзіндік баға мен рефлексияны арттыру арқылы студенттің интеллигент ретінде қоғамнан өз орнын табу. Біздің университетте тек бәсекеге қабілетті студенттерді ғана емес, сондай-ақ белсенді өмірлік ұстанымдары бар, жоғары интеллигентті адамдарды тәрбиелеп шығарады. Бұл тренингтерде «Тұлға-Индивид және өзіндік даму» тақырыбында қысқаша дәріс оқылып, өзіндік бағалау мен рефлексияны дамытуға бағытталған жаттығулар орындалады.
Жалпы, даму үрдісіне өзіндік білім алу және өзіндік даму енеді. Екеуі де рефлексиясыз және адекватты өзіндік бағасыз мүмкін емес. Рефлексияны әртүрліше жүзеге асыруға болады: жаттырулардың әртүрлі кезеңдеріндегі рефлексия, тренинг немесе сабақ соңындағы рефлексия, күн соңында жасалатын рефлексия және осылай әрдайым жасалатын ішкі рефлексия түріне көшу. Өз іс-әрекетін талдап, дұрыс баға беріп, өткен қателіктерді қайталамайтын болады. Сондықтан да осы семинар-тернингтерді бірінші курс студенттері үшін өткізу өте маңызды.
Психолог социолог Асылбекова А.М.