Ақпанның 16-шы жұлдызынан бастап Филологиялық пәндер кафедрасында «Студенттен студентке» атты бағдарламасы аясында «Level Up» клубы өз жұмысын бастап кетті. Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері үшін ағылшын тілінен тегін сабақтар жүргізілуде.Егер сіз өзіңіздің ағылшын тіл деңгейіңізді жақсартқыңыз келсе, «Level Up» клубы сізді күтеді.Біз сізге практикалық сабақтар мен сессияға дайындық жұмыстарын жүргізуге көмектесеміз.Сабақтар әр сенбі сайын өткізіледі
Уақыты: 9:00 ден 15:00 ге дейін
Өткізілу орны: #3 жатақхана
Клуб жетекшісі Жайрбаева Ж.Қ