Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында «Тұмау және Жедел респираторлы вирусты инфекция, педиатриядағы шұғыл медицининалық көмек» тақырыбына арналған конференция өтті. Баяндамашы 2018 жылдың 12-25 қараша аралығында Рессей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында орналасқан, Лобзин атындағы балалар жұқпалы аурулары ғылыми-зерттеу институтында «Жұқпалы аурулар кезіндегі балалардағы шұғыл жағдайлар» семинарына қатысқан балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Сутормина А.В . Конференцияға қатысушылар кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М, оқытушылар, дәрігерлер, 701 және 702 педиатр интерндер, 428 және 429 топ студенттері.
Тұмау және ЖРВИ мен әлем бойынша 500 млн адам ауырған, олардың 2 млн летальды жағдай тіркелген. ЖРВИ-дан өлім жағдайлары : аденовирустық пневмониялар, РС-ерте жастағы балалардағы бронхиолиттер және пневмониялар. Тыныс алу жолдарының рекурренттік инфекцияларымен ауыратын балалар контингентінің болуы ДДҰ мәліметтері бойынша, ересек адам жылына 3-4 рет респираторлық инфекциялармен ауыруы мүмкін, мектепке баратын балалар – 4-5 рет, мектепке дейінгі балалар-6 рет, бірінші жастағы балалар жылына 2-12 ретке дейін сырқаттанады. Қатерлі топтағы балаларда ЖРВИ-ның алдын алуға арналған вакциналардың болмауы (қатерлі топтағы балаларда ЖРВИ-дің пассивті алдын алуға арналған арнайы иммуноглобулиннен басқа) Тұмау мен ЖРВИ дің өзекті проблемасы болып табылады.
Баяндамашы Тұмау мен ЖРВИ дің клинико-эпидемиологиялық құрылымына, емі мен шұғыл медициналық көмек көрсету тактикасына кеңінен тоқталды. Конференция соңында кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М Семей қаласындағы Тұмау және ЖРВИ дің клинико-эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, тыңдаушылардың сұрағына жауап берді.