2019 жылдың 20 ақпан күні Семей медицина университетінің дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 кураторлық топ студенттері, кураторы қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаның бастауымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында,тарихқа шолу жасап, əр елдің көрнекті суретшілері мен мүсіншілерінің шығармашылығымен танысу мақсатында Семей қаласының Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайына барып қайтты.
Мұражай қорында 3600-дан астам өнер туындылары сақталуда. Мұражайдың экспозициясында орыс өнерінің 18 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы даму жолдары; Қазақстанның бейнелеу өнерінің бөлімдері (мыңнан астам экспонаттар) жарқын әрі отандық бейнелеу өнері мәдениеті көрсетілген. Батыс еуропаның сурет туындылары мен 16 ғасырыдың соңы мен 20 ғасыр басындағы графикалар көрсетілген. Сонымен қатар жиырмасыншы ғасырдағы ТМД елдерінің туындылары көрсетілген: Ресей, Орта Азия, Грузия, Армения, Белорусия және т.б. елдер.
Студенттер «Невзоровтар отбасы» мұражайына жасаған сапарынан жақсы әсер алып, рухани мәдениетің толықтырды.