Ақпан айының 23-24 жұлдызында СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаеватің «2019 ЖЫЛ – ЖАСТАР ЖЫЛЫ» мақаласы «САЛАУАТ» дебат клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі « CINEMA CUP III» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІР САЙЫС ТУРНИРІ өтті.
«CINEMA CUP III» турнирі қарарлары әлемдік ең танымал, үздік деп танылған кинофильмдер аясында болды.
Турнирдің негізгі мақсаты, әрине, студенттердің терең ой мен ақыл-білімге баулып, шешендікке және көпшілік ортада білдірер ойын бүкпесіз жеткізуге үйрету.
Ойындар Британдық Парламенттік Форматта (БПФ) және Линкольн Дуглас (ЛД) форматарында болды. Республикалық пікір-сайыс турниріне бірнеше аймақтардан, атап айтқанда, Алматы, Өскемен, Семей, Қарағанды дебатерлері сайысқа түсті.
Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир барша қатысушылардың көңілінен шықты.
Турнирге жалпы саны 32 фракция қатысты. Нәтижесінде,
CINEMA CP III турнирінің кубогын, СМУ "Салауат " дебат клубы мүшелері :
322 топ ЖМ студенті Сіләмқанов Шынгыс
231 топ ЖМ студенті Насырова Еркежан иеленсе,
2 орын: Шәкәрім атындағы СМУ "Парасат" ДК
Бейсембеков Данияр
Ноян Береке
3 орын: "Салауат" ДК
417 топ ЖМ студенті Кыдырмолдин Елдар
510 топ ЖМ студенті Жумашева Еркежан иеленді.
Барша қатысушылардан озық шыққан : "Конгресс" ДК мүшесі Токанова Айнур -үздік спикер атанды.
Әділ қазылық көрсетіп, турнирдің үздік төрешісі атанған: 417 топ ЖМ студенті Кусайынова Ляззат.
"Салауат " Дебат клубы және барша қатысушылар турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Семей Медицина Университеті басшылығына, Жастар ісі жөніндегі комитетке және Кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреді.