16-17 ақпан 2019 жылы Семей медицина университеті қабырғасында «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты «Салауат» дебат клубының ұйымдастыруымен университетішілік пікір-сайыс турнирі болып өтті. Бұл турнирдің мақсаты қазіргі таңда қоғамда өзектілігі бар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы жастардың ой-санасын қалыптастыру мен болашақта осы бир проблеманы қоғам болып шешу.
Турнир барысында сыбайлас-жемқорлыққа қатысты тақырыптар ойнатылып, өзекті мәселелер қарастырылды. Жалпы турнирға 16 фракция қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шығып жеңіске жеткен командалар: 1-орын «Сестринская любовь» фр. Булегенова Ақнұр мен Жасболат Шынар, 2-орын «Инферно» фр. Хасанов Еркебұлан мен Аукен Айдос, 3-орын «This is хорошо» фр. Азамат Елдар мен Насырова Еркежан. Жеңіске жеткен командаларды құттай отырып, бізге осындай мүмкіндіктерді беріп отырған Семей медицина университетіне алғысымыз шексіз. Жастар жылында жасалып отырған осындай іс-шаралар жалғасын табады деген үміттеміз.