2019 жылдың 9-10 акпан күндер аралығында Астана қаласында Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен өткізілген дәстүрлі «Көшпенділер Көкжиегі» республикалық пікірсайысшылар турнирі Семей медицина университетінің студеттері үшін әсерлі және қызығарлықтай өтіп, сәтті әрі абыройлы аяқталды.
Семей медицина университетінің «Салауат» дебат клубының мүшелері республикалық пікір-сайыс турнирінде мемлекетіміздің үздіктер қатарынан көрініп, жоғары дәрежелі дебатерлер екендіктерін дәлелдеді. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен әр-түрлі курс студенттерінен құралған 64 фракция қатысты. Турнирдың басты мақсаты – 64 фракция ішінен үздік пікірсайысшыларды анықтау болды. 64 фракция ішінен Семей медицина университеті «Салауат» дебат клубы мүшелері « Человекообразные звезды» фракциясы 120 топ студенті Булегенова Ақнур және 116 топ студенті Хасанов Еркебұлан жастар финалында жүлделі 2 орын иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректер құттықтаймыз! Осындай асуларды бағындыра берулеріне тілектеспіз! Сіздер біздің мақтанышымызсыздар!
Біз, Семей медицина университетінің басшылығына, көрсеткен қолдаулары үшін улкен алғысымызды білдіреміз.