Он жетінші ақпан күні Семей медицина унииверситетінің жалпы медицинна факультетінің 330-топ студенттері Т.А. Назарова атындағы патофизиология кафедрасының аға оқытушысы Кулямирова Жанар Орынтаевнамен бірге Семей қаласындағы Абай атындағы театрға «Дариға» жастар театры ұйымының «Миллиард кімге бұйырады?» атты премьералық қойылымына барды. Спектакль комедиялық жанрда қойылған: оңай келген ақшаның кімге және қайда жұмсалуы, ақшаның адамдар арасындағы бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасын қаншалықты өзгертетіні жайлы айтылған. Топпен бұл премьераның қызығына батып, көңіл-күйімізді біршама көтеріп, уақытымызды қызықты өткізіп қайттық.
Жалпы медицина факультетінің 330 топ студенті Айша Мырзағалиева