Семей Медицина Университетінің әскери кафедрасы 2019 жылдың 01 наурыз – 15 сәуір аралығында әскери кафедрада білім алғысы келетін жалпы медицина мамандығының 2-ші курс ұл-қыз студенттерінен құжаттар қабылдайды.
Іріктеу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш.
- Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).
- Тіркеу куәлігі немесе әскери куәлік (түпнұсқа және көшірме, ұлдар үшін).
- 2 фото 3х4см көлемде.
- Сотталуы болған немесе болмағандығы жөнінде анықтама, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2015 жылдың 27 шілдесі № 95 « Мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (№ 12055 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген ).
- Спорттық жетістіктерін растайтын құжат (болған кезде).
- Факультет деканының қолы қойылған, студенттің ЖООда нақты оқитыны жөнінде анықтама.
Әскери кафедрада оқуға ниет білдіргендер, қосымша мәлімет алу және құжаттарды тапсыру үшін әскери кафедраның аға зертханашысы Н.Т. Жукушева мен А.С. Жумакановаға (№ 5 бөлме, күнделікті сағ 9.00-17.00-ге дейін ) жолығуы тиіс.
Ескерту:
Ер балаларға конкурсқа өтініш беру үшін Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармада әскери есепте тұруы міндетті.
«СМУ» КеАҚ әскери кафедрасы