2019 жылдың қаңтар айының 22 жұлдызында ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисова атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының бастамасы бойынша "Студент-Донор" студенттік ұйымының ұйымдастыруымен "Резус-фактор, резус – конфликт" атты дәріс өтті.
Қоғамда көпшілік адамдарда «резус-фактор» туралы түсінік жоқ және қарапайым өмірде оның болуы немесе болмауы қандай ауыр зардаптарға әкеп соғатыны жайлы да білмейді. Бұл дәрістің мақсаты 1-2 курс студенттерін тақырыптың жалпы ұғымдарымен, сондай-ақ орын алатын зардаптармен таныстыру болды.
Іс-шара «Студент-донор» студенттік ұйымының ұйымдастырушылары, ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисова атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, доцент Оразалина Айнаш Сапаровнаның және кафедра оқытушысы Елькенова Ботакоз Зейноллаевнаның қатысуымен өтті.
Іс-шара басында жетекшілер студенттермен амандасып, ары қарай жалпы медицина мамандығының 2 курс студенті Сейтқали Аружан тақырыптың мәнін ашып, резус-жанжалдың түсінігі мен үрдісімен таныстырды. Сөз сөйлеу барысында дәрісті бекіту үшін бірнеше ойын өткізілді, студенттер өздерін әртүрлі викториналарда сынап, сұрақтарға жауап берді.
Жалпы іс-шара өте қызықты және танымды өтті. Студенттер медицина және молекулалық биология саласындағы білімдерін кеңейтті.
Сейтқали Аружан, «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті, Садықова Анар, «Стоматология» мамандығының 1 курс студенті