Семей медицина университетінің дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 топ студенттері, 1-наурыз жалпыхалықтық мереке- Алғыс айту күніне орай, университетіміздің ұжымын және ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отыра, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін алғыс білдіреді!
232 топ студенттері университет қабырғасында өткізген екі жыл ішінде биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Екі жыл қатарынан білім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатардағы топтар арасынан көрінуде. Соның барлығы ұстаздар қауымынын терең білімі мен еңбегі арқасында деп білеміз, сол себепті кураторымыз қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаға, Бужеева Актоты Солтанаевнаға және барлық ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз!
Құрметті ұстаздар! Сізгдере зор денсаулық,отбасыңызға бақыт, ұрпақ тәрбиесі жолындағы игі ісіңізге табыс тілейміз!
«Жалпы медицина» мамандығы, 232 топ студенті Ермуханбетова Фатима