2019 жылдың 23 ақпан күні «Стоматология» мамандығының 102 топ студенттері, кураторы Медицинадағы IT технологиялар кафедрасының оқытушысы Ғалымова Әсем Дүйсенғалиқызымен Абай атындағы мемлекеттік музыкалық-драма театрына барып қайтты.
Семей қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік музыкалық-драма театрының киелі шаңырағы қашан да өз көрерменін жаңа қойылымдармен қуантып отырады. Осы жолы Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған, Айбек Сапышевтың «Қаһарман Қасым» пьесасын тамашалады.
Қасым Қайсенов – тағдыры ұқсас, тарихы бірдей Қазақстан-Украина сынды екі үлкен халықтың төл перзентіне айналған тағдырлы тұлға. Қасым Қайсенов – тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атағын алған үшінші батыр, ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.
Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник 1918 жылдың 23 сәуірі күні Абай облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа отбасында туған.
Президентіміз «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасында айтып кеткендей, біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға міндеттіміз. «Ер есімі, ел есінде» мәңгі қалатынына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Қасымдай қайсар батырдың руxы, бүгінгі ұрпақтың қанына сіңсін деген ниетпен үйімізге тарқап, қойылымнан үлкен әсер алдық!