Қызылша жұқпалы аурулардың арасында аса маңызды орынға ие, тез таралатын вирусты ауру болып табылады. Жиі 2-5 жас аралығындағы балаларда, сирек 40 жасқа дейінгі ересек адамдарда кездеседі (егер бала кезінде ауырмаған болса). Қызылшамен ауырмаған және қарсы вакцина алмаған жасөспірімдер мен ересектердің ауыру қаупі жоғары. Ал вакцина алғандарда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен,тіптен жоқ болып табылады.
Ауырғаннан кейінгі кезеңде өмірбақи иммунитет қалыптасатынын атап айтуға болады, дәл осы сынды маңызды мәліметтермен ақпараттандыру мақсатында 26.02.2019ж. жалпы медицина факультетінің 404 топ студенттері Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының ассистенті Исабекова Ж.Б. басшылығымен Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Қызылша» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында аурудың себептері,жұқтыру жолдары, қандай белгілермен ерекшеленетіні жайлы тоқталып өтті, сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, дәріс соңын сауалнама жүргізумен аяқтады. Мектеп мейірбикесі және оқушылар осындай маңызды әрі қызықты ақпараттандыру жүргізгені үшін студенттерге алғыс білдірді. Осы орайда жұқпалы аурулардың профилактикасында санитарлық-ағартушылық жұмыстар аса маңызды рөл атқаратынын атап өту маңызды.
Жұкпалы аурулар және иммунология кафедрасы