25.02.2019ж. сәулелі диагностика және ядролық медицина кафедрасында кафедра ассистенті Байзакова М.Н. сәулелі диагностиканың 1 жыл резиденттері Султангазина К.С., Батхолдина А.К. және «Стоматология» факультетінің 203-топ студенттерімен бірге «Вирусты гепатиттер. Қорғану шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Келесі сұрақтар талқыланды: вирусты гепатиттердің жіктелуі, берілу жолдары, аурудың алғашқы симптомдары, қорғану шаралары. Студенттер пікірталасқа белсене қатысып, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.
Сәулелі диагностика және ядролық медицина кафедрасының ассистенті Байзакова М.Н.