8 мамыр- Аналар мерекесі. АНА. ОТАНАСЫ. Бұл ұғымдардың мәні мен мағынасы тереңде жатыр. Қадірі мен қасиеті биікте.
Көктемнің алғашқы айындағы Аналар мерекесіне орай 502 топ студенттері ЖМЖА-ның шағын кітапханасында «Ана-өмір шырағы» атты кеш өткізді. Кешке оқытушылар мен студенттер қатысты.
502 топ студенттері «АНА» туралы ұлағатты нақыл сөздер мен өлеңдерді оқып, әйел қауымының қоғамымыздың қарыштап дамуына өз үлестерін қосып, әр салада атқарып жатқан еңбектерінің өлшеусіз екеніне тоқталды. «Ана жүрегі» тақырыбында көрініс қойып, онда студенттер «Ана» -отбасының шам шырағы, анасыз үй қараңғы және де ананы өмір бойы ардақтап өту керектігін, жұмақтың кілті ананың табанының астанда екенін жеткізді.
Кеш соңында оқытушылар алғыстарын айтып, ана есімін ардақтап биік ұстауларына, ана сүтімен даритын тілін, ғұрып-салтын, отбасы құндылықтарын сақтауларына шақырды. Сондай-ақ жастардың ибалы, мәдениетті болып өсулеріне тілектерін білдірді.
Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – АНА. Ананың аялы алақаны жүректерге жылулық ұялатады. Ендеше құлпырған көктем мерекесінде асыл ана, аруларымызды мерекелерімен құттықтаймыз.
ЖМЖА – дағы шағын кітапхана, 502 топ.