Семей Медицина университетінің ұжымы «Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының» меңгерушісі м.ғ.к Эфендиев Имдат Муса оглын туған күнімен құттықтайды. Сізге мықты денсаулық, бақыт, еңбегіңізге табыс тілейміз. Өзіңіз білім беріп, тәрбиелеп өсірген Балалар инфеционист дәрігерлері Сізбен мақтанады.
Эфендиев Имдат Муса оглы, 1962 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Семей қаласының Мемлекеттік медицина институтының педиатриялық факультетті бітірген. 1990 жылдан 2002 жылдар аралығында Семей қаласының медицина академиясының балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті қызметін атқарған. 2002 жылдан бері Семей қаласының медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерішісі қызметін атқаруда.
2013, 2015 және 2016 жж. – өндірістік қажеттілікке байланысты – Семей қ. жұқпалы аурулар ауруханасының (балалар бөлімшесі) бокстық бөлімшесінің (50 төсекке) меңгерушісінің қызметін атқарушы (қосалқы атқарушы). 2010-2012жж – Семей қ. ММУ университетінің интература бойынша деканы; 2005-2007жж – СММА педиатриялық және тіс емдеу факультеттерінің деканы; 2000-2006жж – қосалқы атқарушылық бойынша – Семей қ. Жұқпалы аурулар ауруханасының (балалар бөлімшесі) екінші бөлімшесінің (50 төсекке) меңгерушісінің қызметін атқарушы.
Медицина ғылымдарының кандидаты. «Балалар-инфекционисты» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. 120 аса басылымның авторы. Дәрігер-эксперт. Клиникалық протоколдарды құрастыру бойынша ДМжӘД эксперттық топтың мүшесі, балалардағы жұқпалы аурулардың диагностикасы мен емі бойынша клиникалық хаттамаларды құрастырушы. Соған сәйкес Қазақстан Республикасында балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеу жүргізіледі. Біліктілікті жоғарылату курстарын үнемі өтеді, Израиль мен Түркістанда біліктілігін жоғарылатқан.
Семей қ. ММУ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Қоғамдық Кеңестің төрағасы, сонымен қатар Семей қ. ММУ «НұрОтан» біріншілік партиялық ұйымның төрағасы. 2016 жылдан бері – ШҚО штаттан тыс аға балалар инфекционисті.
ҚР Президенттілікке кандидат Н.Назарбаевтың штабының ШҚО бойынша төрағасының алғыс хатымен; «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасарының «Құрмет» құрмет грамотасымен; «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен; ҚР денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен; «Семей медицинасына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен; Отан Республикалық партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен марапатталған.