25.02.19 жылы «Латын тілі» жобасының жетекшісі филология пәндер кафедрасының меңгерушісі Жорокпаева Мейрамгүл Досанқызы «Латын әліпбиінде жазуды бірге үйренейік» атты шеберлік сыныбын жоба мүшелеріне өткізді.
Жоба мүшелері 27.02.19 жылы 221-ші ж/м топ студенттеріне осы шеберлік сыныпты ұйымдастырды. Қатысушыларға ең бірінші жаңа қазақ әліпбиі түсіндірілді. Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстардың жазылуына назар аударылды. Студенттер сөздер мен сөйлемдерді жазып, шағын мәтінді оқып көрді. Жоба мүшелері «Kahoot» бойынша қызықты ойын ойнады. Кері байланыста алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Жоба жетекшісі: М.Д.Жорокпаева
Жоба мүшелері: Н.М. Мерғалиева
Н.С. Серікжан
М.Серік