20.02.2019 жылы «Латын әліпбиінде жазуды бірге үйренейік» атты шеберлік сыныбын үйірме жетекшілері университет госпиталіне барып, педиатрия, балалар хирургиясы мен ортопедиясы, бөлімдік терапия, ревматология кафедраларындағы оқытушыларға өткізді. Әрбір қатысушыға тапсырмаларымен бірге буклеттер ұсынылды. Шеберлік сыныбының басында жаңа қазақ әліпбиі түсіндірілді. Қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, шетелдік сөздердің емлесі және я, ю, ь, э, ц әріптері кездесетін сөздердің жазылу ережелері көрсетілді. Әліпбиді бекіту үшін тапсырмалар орындалды. Тренинг соңында «Kahoot» бағдарламасын қолдану арқылы электрондық тапсырмалар берілді. Кері байланыста өздерінің ұсыныстарын білдірді.
«Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» жоба мүшелері