27.02.2019 жылы «Жалпы медицина» мамандығының 101,109-ыншы топтарының студенттері үшін жаңартылған қазақ әліпбиін жазып, үйрену шеберлік сыныбы өткізілді. Студенттерге жаңартылған алфавит ұсынылды, алфавиттің жазу техникасы түсіндірілді.
Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстардың жазылуына назар аударылды. Студенттер сөздер мен сөйлемдерді жазып, шағын мәтінді оқып көрді. Білім алушылар бекіту кезеңінде «Kahoot» бойынша қызықты ойын ойнады. Кері байланыста пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Топ кураторы: М.Д. Жорокпаева