«1-наурыз – иммунитет күніне» орай 227-топ студенттері түсіндірме жұмыстары

Медицинаның барлық саласы иммунологиямен тығыз байыланысты. Иммунитеттің ырғағын сақтау, оны күшейту мағынасы кең сұрақтардың бірі. 2019 жылдың 25 ақпанында «1-наурыз – иммунитет күніне» орай Иммунология және дерматовенерология кафедрасында Козубаева Динара Бегимхановнаның жетекшілігімен 227-топ студенттері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ЛОР және ЧЛХ бөлемдерінде жатқан емделушілерге әр түрлі сұрақтар қойылып, белсенді ой алмасты.  Жұмыс аясында емделу барысындағы науқастарға иммунит туралы түсінік, оны нығайту жолдары, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану жайлы кеңестер берілді.  Емделушілер өздерінің сұрақтарына жауап алып, әр түрлі танымдық ойындар да ойнатылды. Негізгі бағыт балалардың табиғи сүтпен қоректенуінің қажеттілігі, күнделікті тағам рационының ерекшелігі, ұйқы мен күннің иммунологиядағы маңызы жайлы болды.Түсіндірме жұмыстың соңында пайдалы кеңестер жазылған естелік қағаздар таратылды.

227-ЖМ, Бектурганова Дина

Куратор преподаватель кафедры анатомии Токанова Диана Маратовна

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар