Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. 2019 жылдың 1 наурызында профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында фармация мамандығы бойынша 1 және 2 курс студенттеріне кафедра оқытушылары Абленова А.Т. және Елемесова Ж.Г. алғыс айту күніне орай тәрбие сағатын өткізді. Осы күнге орай 2 курс студенттері атаулы күнге арнап презентация дайындап, көрсетті.
Презентацияда мейрамның қысқаша тарихы мен мақсаты туралы айтылған. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Мейрамның қысқаша тарихына тоқталсақ, кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті. Столыпин реформасы кезінде елге түрлі этнос өкілдерін вагондармен ашық далаға әкеп тастады. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық танытты. Олардың бәрі Қазақстанда орнығып, қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге еңсерді. Сондықтан елдегі мерекелер қатарының Алғыс айту күнімен толығуы игілікті іс болды. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Тәрбие сағатының соңында студенттер оқытушыларға алғыстарын білдіріп, оқытушылар оларға ізгі тілектерін жолдады.
Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Абленова А.Т. және Елемесова Ж.Г.