Яшкова Ирина Георгиевна, 113 группа «Жалпы медицина» факултеттін студенті «Этнос жастары арасында мемлекеттік тілді қолданудың сөйлеу мәдениетін дамыту және қазақ дарынды жастарды анықтау және мақсатында ұйымдастырылған «Тіл парасат» қалалық байқауына қатысып,алғыс хатпен марапатталды. Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Қ.Жайрабаева жетекшілік жасады. Яшкова Иринаның жетістіктеріне қуаныштымыз және келешекте де мемлекеттік тілде өтілетін сайыстарда биіктен көрінетіне сенімдіміз. Өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз
Топ кураторы Н.М. Абешова,
113 топ студенті Ғ.Абеков