Семей медицина университеті 113 топтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, талқылау тақырыбы терроризмге қарсы соғыс және бүгінгі жастар үшін жойғыш діни бірлестіктердің қаупі туралы болды.
Терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтуге байланысты, дөңгелек үстелде төтенше жағдайдағы қауіп-қатерге қарсы тұруға және өздерін қорғауға, алдын-алу шаралары туралы идеяны қалыптастыруға, террористерден қорғану әдістерін қалыптастыруға, құрдастар мен жақын адамдармен достық қарым-қатынастарды орнату жайлы айтылды.
Жас ұрпақпен әңгімелесу үшін Ішкі істер басқармасы мен Семей қаласы әкімдігінің өкілдері, университеттің қауіпсіздік қызметі «Ардагер» ұйымының төрағасы дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел аясында студенттерге деструктивті діни ағымдардың зиянды әсерлері туралы фильмдер көрсетілді. Шақырылған қонақтар студенттерге деструктивті діни бірлестіктердің ықпалын қалай анықтау керектігін және өздерін және олардың отбасыларын қорғау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Топ кураторы Н.М. Абешова,
113 топ студенті Ғ.Абеков