«Қазақстан -2050» стратегиясында қыз балаларға қатысты жеке тарау арналып: «Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары» делінген. Халқымыз «қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. «Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы. Біз әйел затына — анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз» деп міндет қойды Елбасымыз аталмыш стратегияда. Жасөспірім шақта отбасында саналы тәрбие, сапалы білім алып, қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып, келешекте білікті маман болып, елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс қой деген қорытынды пікірге келіп, 28.02.2019 ж. келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай филологиялық пәндер кафедрасында «Қыз өссе- елдің көркі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға студент қыздармен өздерінің құнды пікірлерімен өмірден алған тәрбиесімен, ақыл –кеңесімен ой бөлісу үшін акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті, қаламыздың жоғарғы санатты гинеколог дәрігері Баширова Альмира Рашидовна және университет психологы Асылбекова Айгерім Мухаметбековна қонақ ретінде шақырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру.
Сырласу кешін кафедра меңгерушісі М.Д. Жороқпаева ашып берді. 1-2 курс бойынша 125 студент қыздарымыз қатысып, өз сұрақтарына жауап ала алды.
Кафедра оқытушылары Л.Е. Матина, Ж.М.Елеукенова және кураторлық 117ЖМ топ студенттері дөңгелек үстелді есте қаларлықтай жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, өткізді.
Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Л.Е. Матина, Ж.М.Елеукенова