26 ақпан күні Семей медициналық университетінде, «Абайтану» ұйымының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың туғанына 174 жыл толуына, 1наурыз- Алғыс айту күніне және де «Жастар жылына» орай қалалық деңгейде Абай оқулары байқауы өтті. Байқауға Семей қаласының университеттері, колледж және мектеп оқушылары қатысты. Сайыс ІІ кезең бойынша өтті. І кезең- «Өлең- сөздің патшасы, сөз-сарасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу. ІІ кезең- өзге ұлт өкілдерінің Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуы.Сайысты бастамас бұрын Филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жоракпаева М.Д. қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушыларға әділ қазылық көрсеткендер: ақын,халықаралық және республикалық сайыстардың жеңімпазы Игіліков Бауыржан Алпысович,Қазақстан жазушылар одағының Семей өңірлік филиалының директоры Картов Мерей Мейртаевич,Семей қаласының жастар ұйымының төрағасы Соғымбай Олжас Амангелдіұлы, Абай музейінің меңгерушісі Сейтжапарова Мейрамгүл және Абай кітапханасының оқу залының меңгерушісі Жанар Мелатовна. І кезең қорытындысы бойынша І орын- Т.Аманжолов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мұхаметжанова Әсем. ІІ орын- Семей Медициналық Университетінің 2 курс студенті Рахманбекова Гүлмира және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 2 курс студенті Серікқызы Амангүл. ІІІ орын- Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің 2 курс студенті Қалжан Сара және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 2 курс студенті Қайранбаева Арайлым иеленді. ІІ кезең қорытындысы бойынша 2 қатысушы қатысып, І орынды М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 3 курс студенті Саметова Халида иеленді. ІІ орынды Семей Медициналық Университетінің 1 курс студенті Ибрагимова Алсу алды. Сайыс соңында әділ-қазылар алқасы қатысушыларды және жетекшілерін алғыс хаттармен және дипломдармен марапаттады. Семей қаласының жастар ресурстық орталығы жеңімпаздарға демеушілік көрсетіп, бағалы сыйлықтарын ұсынды. Абайтану ұйымының жетекшісі, филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жайрбаева Ж.Қ. жеңімпаздарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.