1-ші Наурыз Алғыс айту күні, көктемнің алғашқы күні.
Алғыс айту күні-Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Көктемде әлсіреп, ұйқысы келіп, тез шаршап, көңіл күйі өзгеретіндері жайлы жиі естіп жатамыз.Мамандар айтуынша, оған авитаминоз себеп. Яғни бұл мезгілде жеміс пен көкөніс дәрумендері жеткіліксіз болып, нәтижесінде иммунитет төмендейді. Соған орай, университет қабырғасында көктемнің алғашқы күні 1-ші наурызда "Салауат ДК" мүшелерімен 335-топ ЖМ факультетінің студенттері, Ю.В.Пругло атындағы паталогиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының оқытушысы Сапоров Р.М жетекшілігімен "Салауатты өмір салтын ұстанайық" атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты, жеміс-жидектер құрамындағы дәрумендердің адам ағзасына деген пайдасы жайлы сұрақтар қойылды. Жауап берген студенттерге иммунитеттерін нығайту мақсатында жемістер таратылды.
Университетіміздің оқытушылар қауымына Алғыс айту күніне орай, бізге берген сапалы білімдері мен тәрбиесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!