Семей қ. МУ Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында 21.02.2019ж. «Балалардағы Менингококкты инфекция» тақырыбына байланысты Семей қ. МУ балалар жұқпалы аурулары каф. меңгерушісі Эфендиев И.М. басшылығымен конференция өтті. Конференцияға кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М, ПМҚ, Семей қ.Балалар жұқпалы аурулары ауруханасының дәрігерлері, резидент-инфекционист 2курс, 701 және 702 педиатр интерндер, 441, 428 және 429 топ студенттері қатысты. Менингококкты инфекцияны презентация түрінде Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Ержигитова Э.М. таныстырып шықты.
Менингококкты инфекция аяқ астынан басталып, тез өршиді және 24сағаттың ішінде летальді жағдайға алып келуі мүмкін. Ал аурудан емделгеннен кейінде науқастардың 20% ауыр асқынулардан зардап тартады. Асқынуларға: мидың қызметінің бұзылысы, салдану, ақыл-ойдың кемістілігі, эпилепсия және кереңдік жатады. Аурудың кезеңді көтерілуі- 8-30 жыл. Аурудың мерзімділігі көктем-қыс айлары, ал аурудың ең жоғарғы өсу уақыты ақпан және мамыр айлары.Ауру кез-келген жас мөлшерінде кездеседі, бірақ 70-80% жағдайда жиі 3жасқа дейінгі балалар ауырады.
«Ерте жастағы балалардағы менингококкты инфекцияның ерекшелігі – клиникалық симптомдары әлсіз айқын немесе көрінбеуі де мүмкін. Менингиттің бастапқы сатысы ЖРВИ және тұмау көріністерінде болады. Дене қызуы 40градусқа жоғарылайды, құсу және қатты бас ауыру, жиі теріде бөртпелердің болуы, кейде тырысу дамиды. Сол себептен аналары балаларын дер кезінде медициналық қызметке сүйенбей, уақыттарын өткізіп алады. Менигококкты инфекцияның ауыр жағдайында Инфекциялық токсикалық шокпен асқынуы жүреді. Балада осындай асқыну дамығанда тез арада медициналық жәрдемге сүйеніп, балаға вена ішілік инфузияны бастау қажет. Яғни бұл кезде ИТШ-тың клиникалық дәрежесіне сай қажетті мөлшерде 0,9% NaCl, 10% глюкоза ерітіндісі, гормонотерапия, гепаринотерапия, оксигенотерапия қолданылады және таңдаулы антибактериалды препаратты бастау болып табылады. Бала ИТШ жағдайынан шыққаннан кейін ғана люмбальды пункция жасалынып, менингит диагнозы нақтыланады. Баланы ары қарай 10-14 күн бензилпенициллин натрий тұзы, цефтриаксон немесе цефотаксим антибактериалды препараттарымен емдеу қажет
Семей қ. МУ балалар жұқпалы аурулары каф. меңгерушісі Эфендиев И.М. баяндама соңында Менингококкты инфекцияның клинико-эпидемиологиялық жағдайына тоқталып өте ауқымды ауру екендігін және тыңдаушыларға өзінің тәжірибесінде өткен бірнеше клиникалық жағдайлар туралы айтып берді. Яғни, ауруды басқа аурулармен шатастырып алмай, дер кезінде диагнозды нақтылап, таңдаулы антибиотикті уақытында бастаса, бұл аурудан емделіп шығатындығын айтты.