Бүгін өзге ұлт өкілдерін уықтай өз шаңырағына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлығына алған Қазақ елінде мереке. Шұғылалы Көктеммен қатар келген 1- наурыз "Алғыс айту" күні деп белгіленгеннен бастап , тойланып келе жатыр. Мерекеге орай, " Жалпы медицина" факультетінің 323 – топ студенттері "Ю.В Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы" кафедрасының оқытушыларының бастауымен "Ел алғысын алсаң, елеулі боларсың" атты шағын іс – шара өткізілді. Шара барысында , бала жанының бағбаны болып, білім нәрімен сусындатқын ұстаздарға, ізденуден жалықпаған шәкірттерге алғыс айтылды.
" Алтын алма , алғыс ал:
Алтын деген жер сыйы ,
Алғыс деген ел сыйы -, демекші , баршаңызды алғыс айту күнімен құттықтаймыз!!!