1 наурыз күні Семей медицина университетінде 124- топ және топ кураторы Ж.Қ.Жайырбаева ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай университет деңгейінде іс-шара өтті.
Топ студенттері іс-шара барысында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары Б.З.Елькенованы, Э.С.Темекбаеваны, филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Ж.Қ.Жайырбаеваны, А.Ш.Несіпбаеваны, жалпы анатомия, физиология және гистология пәндер кафедрасының оқытушылары А.Н.Мекебаеваны, Т.А.Саябаеваны, Т.А.Төлеутаевты және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының оқытушыларын мерекемен құттықтап, алғыс хаттарын білдірді. 1-наурыз алғыс айту күнінде 124- топ студенттері білім нәрімен сусындатқан оқытушыларына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Болатхан Нұрай 124-топ, ЖМ