2019 жылдың 28 ақпан-4 наурыз аралығында Семей медицина университетінің дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 кураторлық топ студенттері, кураторы қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаның бастауымен, 1-наурыз жалпыхалықтық мереке- Алғыс айту күніне орай, университетіміздің бас ғимаратының 1 қабатында «Алғыс айту» күніне орай хаттарға арналған жәшік қойды. Жәшікке студенттер өздері қалаған ұстаздарға, кафедра, университет қызметкерлері мен студенттеріне арналған алғыс хаттарын салған болатын. Барлық хаттар 232 топ студенттерімен иелеріне жеткізілді.
Студенттердің бұл шараны өткізудегі басты мақсаты университетіміздің ұжымын және ұстаздар қауымын мерекемен құттықтай отыра, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін алғыс білдіру.
«Жалпы медицина» мамандығы, 232 топ студенті Ермуханбетова Фатима