28 ақпан «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл (1989ж.)
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Ширек ғасыр өмір сүрген антиядролық ұйым ел тарихына жарқын беттер сыйлады. Жапан далада жапа шеккен халқымыздың қасіретін жаһанға жария етіп, зияны жоқ деп сендірген жерасты сынақтарына тосқауыл қойды. 1989 жылдың 28 ақпанында құрылған «Невада-Семей» қозғалысы өзінің басты мақсаты – Семей полигонын жабумен ғана айналысқан жоқ сонымен қатар ядролық қуатқа ие басқа елдерді де осынау үлгілі тәжірибеге талпындырды. 1991 жылы Семей полигоны жабылды,
1992 жылы Америка Невададағы өз полигонында сынақтарын тоқтатты. Одан әрі барлық полигондар тоқтаған болатын. Бұл қозғалыстың бастамасы қолдау тауып, 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны мәңгілікке жабылды. Ал еліміз ядролық қарудан бас тартқан бірден-бір мемлекет ретінде әлемге танылды. «Адамзаттың өзін-өзі өлтіру құралын дамытуға тосқауыл қойған шешімді бірінші болып қабылдаған Қазақстан халқына адамзат бір кездері өз алғысын да айтар», – деді аталмыш ұйымның төрағасы, жазушы-ғалым Олжас Сүлейменов.
Осыған орай университет кітапханасында кітап көрме ұйымдастырылды.
Елбасымыздың «Бейбітшілік кіндігі», М. Сәрсеке «Семей қасіреті», К. Бозтаев «Семипалатинский полигон», Ю. Куйдин «Қазақстанның ядролық қасіреті», «Экология. Радиация. Денсаулық» конференциясының материалдары т.б кітап, газет журналдар қойылған.
Кітапхана