2019 жылдың 28 ақпанында, Башкент университетімен стратегиялық әріптестік аясында «Медицина» мамандығы бойынша медицина университеттерінің түлектерін даярлаудың соңғы нәтижелерінің ұлттық каталогының жобасын талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті. Каталог СanMEDS (2015) құзыреттілік моделінің негізінде, 2008 жылғы медицина мектептері түлектерінің соңғы нәтижелерінің Швейцариялық каталогы, 2014 жылы түрік Ұлттық медициналық білім беру бағдарламасы бойынша құрылды және КеАҚ «Семей медицина университетінің» профессорлық-оқытушылық құрамы Башкент Университетінің стратегиялық әріптестік өкілдерімен бірігіп өзгертілді. Университетінің стратегиялық әріптесі өкілдерімен өзгертілді. Жұмыс тобының өкілдері түрік әріптестеріне атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Медициналық білім беру және отбасылық медицина саласындағы жетекші сарапшылар Fazıl Serdar GÜREL мен Gökhan EMİNSOY жобаның әдістері мен нәтижелерін жасап, жетілдіру бойынша ұсыныстар берді. 2019 жылдың 19 наурызында практикант пен студенттермен каталогты әрі қарай талқылау жүргізіледі. Жобаны ұлттық деңгейде таныстыру 2019 жылдың 19 наурызында Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің келесі отырысы аясында Fazıl Serdar GÜREL өткізеді. Каталог 2019-2020 оқу жылына жоспарланған жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу