2019 жылдың 6 наурызында Жалпы Медицина мамандығының 340-топ студенттері мен кураторы профессор Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Қанатбекова А.Қ ұйымдастыруымен көктемнің тұңғыш мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған жиын өтті. Бұл мерекелік кешке кафедра оқытушылары мен Жалпы Медицина мамандығының 308,340 топ студенттері қатысты.
Тәрбие сағаты 340-топ ұлдар қауымының құттықтау сөздерінен басталды. Осы көктем айының шуақты күндері қыздар мен ұстаздар жанұяларына құт береке, нәзік сезім, шуақты көңіл-күй, тәндеріне саулық, жандарына рахат сыйласын деген ізгі тілектер айтылды.Құттықтау сөздерінен кейін ұлдардың өздері қыздар мен мұғалімдерге арнап жасаған бейнежазба көрермен назарына ұсынылды. Мерекелік жиында 340-топ студенті ұстаздарға арнап әдемі ән шырқады. Профессор Т.А Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі Phd доктор Козыкенова Ж.У., медицина ғылымдарының кандидаты ,доцент Уразалина Н.М ., кафедра аға оқытушысы Кулямирова Ж.О студенттерге деген жылы лебіздерін білдіріп, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.
Мерекелік кеш барысында оқытушыларға гүлдер ұсынылып, мереке әрмен қарай талантты оқушылардың ән орындауымен өз жалғасын тапты. Бұл шара қатысушыларға мерекелік көңі-күй, жанға жылулық пен көктемгі нәзік сезім сыйлады.
Мақала авторы : Қыдырова Ажар 340топ