Көктемнің алғашқы жұлдызы «Алғыс айту» күні аясында Семей Медицина университетінің «САЛАУАТ» дебат клубы « «САЛАУАТ» ДЕБАТ КЛУБЫМЕН БІРГЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАН !» атты қоғамдық іс-шара өткізді. Шараның негізгі мақсаты студенттер мен Семей Медицина университеті ұжымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың дәрумендік-жемістер жайлы білім көкжиегін кеңейту, салауатты өмір салтына баулу, студенттерге мерекелік көңіл күй сыйлау болды. Ұйымдастырушылар көктемгі гиповитаминоз, автаминозды, яғни көктемгі дәрумендер жеткіліксіздігін назарға алып, дәрумендер дефицитінің алдын алу үшін қатысушыларға дәруменге мол жемістер таратты, жемістердің дәрумендік пайдасы жайлы тың ақпараттармен бөлісіп, жемістер пайдасы жайлы білімдерін тексерді. Семей Медицина университетінің білімді студенттері мен қатар, қызметкерлері де жемістердің дәрумендік пайдасы жайлы сұрақтарға жауап беріп, алуан жемістерден дәм татты. Баршаның көңілінен шыққан пайдалы шараға қатысушылар зор ықыласпен назар аударып, ұйымдастырушы «САЛАУАТ» дебат клубына алғыстарын білдірді.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу