Ардақты аналар, аяулы арулар! Ең алдымен баршаңызды көктем ала келген халықаралық әйелдер күнімен шын жүрегімнен құттықтаймыз. Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке екенін білеміз. Қазақта «Ұл туса, ұрпағым өседі, қыз туса, ұлтым өседі» деген ұлағатты сөз бар. Ұлы даламызда есімдері ел мақтанышына айналған ардақты аруларымыз аз емес. Әйел әсемдік пен әдеміліктің көрегендік пен көркемдіктің, береке мен бірліктің символы болып табылады. Біздің халқымыз «Даналардың өзі аналардан жаралады», – деп бекер айтпаған.
Халқымыздың болашағы – ұрпақтарымыз көп бола берсін. Жыл сайын Қазақстанда 400 мың бала дүниеге келіп жатады. Мерекеге орай Семей Медицина Университетінің жалпы медицина мамандығының 316-топ студенттері Сыдықова Бибінұр Қабдығалиқызының жетекшілігімен көп балалы ана атаулы мейраммен құттықтап,барып қайтты. Құдажанова Э. айтуынша отбасында 4 бала және мүмкіндігі шектеулі қайын ағасы мен үлкен шақырақтың апасы күтумен және үй жұмыстарымен айналысады. Аяулы жар, ардақты ананың жүзіне күлкі сыйлап, ақ батасын алғанымызға қуаныштымыз!
Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина кафедрасы
316 топ ЖМ