Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина кафедрасы наурыз айының 5-6 күні «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейірбике ісі» мамандықтарының 4 курс студенттеріне арналған Басқарушылық Олимпиада – 2019 өткізді. Олимпиада бағдарламасы 2 турдан тұрды. 1-ші турда барлық топ студенттері қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент бойынша жек тестілеуден өтті. Екінші турда әрбір топтан 5 адамнан команда құрылды. Топтық кезеңнің тапсырмалары ретінде басқару дағдылары бойынша сөзжұмбақтар, тәжірибелік есептер және шығармашылық тапсырмалар берілді.
Басқарушылық Олимпиаданың нәтижесінде 1 турдың жеңімпаздары Медведева Юлия (401 топ МІ) және Демеуова Айжан (401 топ ҚДС). 2 турда 1 орынға – 401 топ ҚДС; 2 орынға – 401,402 МІ; 3 орынға – 402 ҚДС ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлақтар берілді.
Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина кафедрасы Семей медицина университетінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы Смаилов Н.С. және Жаукенова С.А. демеушілік қолдау бергені үшін ерекше алғысын білдіреді.