2019жылдың 07-наурыз күні Семей қ. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. басшылығымен «АНАМЕН ӘСЕМ БӘРІДЕ» тақырыбында Аналар және қыздар мерекесі аталып өтті. Семей қ.Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ПМҚ, Семей қ. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының коллективтері, резидент-инфекционист 201 тобы, 701 және 702-топ интерн-педиатрлар, және 4-курс «Жалпы медицина» 427, 434 және 440 топ студенттері мерекеге қатысты.
Семей қ. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директор қызметін атқарушы Каржаубаева С.Р. өзінің әріптестерін және басқада қатысушыларды мерекемен құттықтап, кәсіподақ ұйымынан ұжымына тәтті сыйлықтарын ұсынды.
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі ерлер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөліп, әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Наурыз айында мереке көп, оның ең алғашқысы 8 наурыз. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды.
Әжелер, аналар, арулар, кішкене жауқазын бүлдіршін қыздар мерекесі. Қандай керемет. Табиғаттың жаңаруы мен 8 наурыз мерекесінің қатар келуінде бір заңдылық бар сияқты. Әжелер мен аналар жарқыраған жайма шуақ көктем күнінің жер бетіне нұрын шашқанындай өз мейрімімен жанды жылытады, ал арулар нәзік гүлдей әсемдіктерімен жанды жадыратады.
Мерекеде «Жалпы медицина» 427,434-топ және 701-топ студенттері аналар және қыздар туралы ән шырқап, би билеп, өлең оқып және көрініс қойып өз өнерлерін көрсетті.
Мереке соңында Балалар жұқпалы аурулары кафедра меңгеруіші И.М. Эфендиев әріптестерді және студенттерді әйелдер мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін айтты. Сондай-ақ мереке жоғары дәрежеде өтуін айтып, мереке ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты: Э.М.Ержигитова.