6 наурыз 2019 жыл ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисова атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының бастамасы бойынша 104 кураторлық тобы Семей қаласының өлкетану мұражайына барды. Мұражайда "Семей медицина университеті" КЕАҚ-ның Анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марат Келісұлы Сыздықбаевтың "Бұл әлем қандай тамаша…" атты көрмесі өтуде. Оның реализм стилінде жазылған шығармалары әртүрлі жанрлық бағыттарға ие, бұл пейзаждар, портреттік кескіндеме, тарихи және діни тақырыптарға арналған жұмыстар. Бұл суретші Марат Сыздықбаевтың алғашқы жеке көрмесі. Көрме студенттерді өз сұлулығымен және мәнерлігімен таң қалдырды.
«Жалпы медицина» факультетінің 104 топ студенті Мақсутова А.