2019 жылдың наурыз айының 7-сі күні Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті З.Қ. Мейірманованың ұйымдастыруымен 318-топ ЖМ студенттері көктемнің жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Венера» клиникасының ұжымына арнап құттықтау шарасын өткізді.
Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр. Осыған орай концерттік кеште студенттер аяулы қонақтарға өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Қонақтар арасында қызыққа толы ойындар ойнатылып, «Ерекше шаш үлгісі», «Үздік сән үлгісі», «Тапқыр және жылдам», «Терең ой» нjминациялары бойынша марапаттау қағаздары ұсынылып, естелікке сыйлықтар берілді. Концерттің соңында «Венера» клиникасының кәсіподақ төрағасы К.Б. Дюсембекова ұжымның атынан студенттерге алғысын білдірді. Біз өз тарапымыздан концерттік залды әдемі етіп безендіріп берген 302 ЖМ тобына алғысымызды білдіреміз. Есте қалатындай ерекше күн болды деп ойлаймыз.
Университетіміздің әйелдер қауымын шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз!