2019 жылдың наурыз айының 4 жұлдызында стоматология мамандығының 4-курс 406-топ студенттерімен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында дәрігер накрологпен дәрістік сағаты өткізілді. Іс- шараға куратор Ғалия Сейітказиновна және Нарколог жетекшілігімен өтті. Дәріс уақытында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында баяндама оқылып, жастарға бейнеролик көрсетілді. Баяндамада есірткі заттарды көп қолданатындардың басым көпшілігіне мектеп жасындағы жасөспірімдер мен студенттер қауымы жатады. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай жақындарының, қоршаған адамдарының өміріне де қауіп төндіреді.
Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту шараларына ерекше назар аударылды. Бұл бейнебаянның басты мақсаты студенттердің есірткіге көз қарасын өзгерту, жасөспірімдерді есірткі қабылдауға, еліктіруге тежеу, білім беру мекемелерінің кызметкерлерімен бірлесіп есірткіге қарсы ұсынымдар мен алдын алу жұмыстарын өткізу болып табылады.
Нашақорлыққа күрес жүргізу-біздің қолымызда!
Ақпаратты дайындаған: Асенқан Маржан
406 стоматология