«Балалы үй -базар» демекші ,әр үйдің бақытын,шаттығын құрап тұрған бала.Семей қаласының мемлекттік медицина университетінің 3 курс жалпы медицина факультетінің 330-топ студенттері Т.А. Назарова атындағы патофизиология кафедрасының аға оқытушысы Кулямирова Жанар Орынтаевнамен бірге наурыз айының 3-ші жұлдызы күні «Холодный ключ» кентіндегі көп балалы Молдағалиевтар әулетіне барып, біраз болсын мұқтаждықтарын өтеп,көмек көрсетті. Он бір балалы жанұя отағасы жергілікті имам болып мешітте қызмет етеді,ал жұбайы үйде балалар тәрбиесімен айналысуда.Үйдің үлкені 24жаста, ал ен кенжесі 2 жаста. Бұл іс-шараны студенттер үлкен ізгі ниетпен өткізіп, алдағы уақытта осы сияқты отбасыларға тағы да көмек көрсетеміз деген ойда.
Жалпы медицина факультетінің 330 топ студенті Мырзагалиева Айша