2019 жылдың 1 наурыз- «Алғыс айту күніне» орай, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 302 тобында кураторлық сағат жүргізілді. Студенттер 2016 жылдың 14 қантарында Қазақстан Республикасының Президентінің №173 бұйрығымен белгіленген атаулы күні туралы маңызды презентация дайындады.
Ел басы «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», –деген болатын.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай,302 топ студенттері кафедра ұстаздарын мерекемен құттықтай отыра, берген білімдеріне және тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары үшін алғыс білдірді.
Эпидемиология және жалпы гигиена кафедрасының оқытушысы Бейсенгазина М.Б.
Зав.кафедры эпидемиологии и общей гигиены Кулабухова Н.С.