8-ші Халықаралық наурыз мерекесіне орай, наурыздың 6-сы күні, №2 жатақxананың қыздарына арналған "Көктемнің шұғылалы мерекесі" атты іс – шара ұйымдастырылды. Сонымен қоса кеш қонағы,университетіміздің ұстазы Айжан Шариповнаға және де администраторымыз Бельдеубаев Жасулан Абылайкановичқа сөз кезегі ұсынылды. Ол кісілер өздерінің бағаларын беріп,осындай керемет қыздар жатақxанасына тілек – раxметтерін айтты. Кеш жүргізушісі Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Бекмуратқызы Ерке болды.Және арнайы концерттік бағдарлама қойылып, қыздардың арасындағы үздік өнерлі студенттер әр қырынан танылды. Қыздар арасында неше түрлі қызықты сайыстар ойнатылып, команда бойынша жүлделі орынға иеленді. Осылайша керемет күннің, керемет куәгері болып қайтты.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу