2019 жылдың 12 наурызында 340-топ студенттері мен кураторы Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Қанатбекова Арайлым Қанатбекқызының ұйымдастыруымен жиын өтті. Бұл жиынның басты тақырыбы болып Елбасының халқына Жолдауында жариялаған «2019 жыл – Жастар жылы» таңдап алынды.
Жиын барысында ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР атты презентация дайындалып, қатысушы студенттердің де ойы тыңдалды. Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты болғандықтан, Мемлекет басшысы жастарға ерекше басым көңіл бөледі, өйткені нақ осы ұрпаққа жаңа, қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу бұйырған. Дайындалған презентацияда «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында жастарға ерекше рөл берілетін іс-қимылдардың нақты жобасы талқыланды.
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқаны туралы бірнеше мысалдар көрсетіліп, студенттер осы жайлы өз ойларымен бөлісті.
Ертеңгі ел болашағы – біздің қолымызда. Жолдауда көрсетілген идеяны іске асыруға өз үлесімізді қосамыз деген пікірге келіп, жиынымызды қорытындыладық. Бас қосу өз мәнінде, жоғары деңгейде өтті.
Мақала авторы: Тлебалдина Айсулу 340 топ ЖМФ