2019 жылғы 23 тамыз күні Медицинадағы IT кафедрасының оқытушылары Есин Ханыммен базалық пәндерді оқытуда қорытынды нәтижелерді құрастыру бойынша семинарға қатысты. Семинар барысында кафедра меңгерушісі Мұсатаева И.С., кафедра оқытушылары Кусаинова К.Т., Ковалева Л.В., Ғалымова Ә.Д. оқыту деңгейлері бойынша blueprint құрастырудың тәжірибелік маңыздылығы жайында ақпарат алды.
Әңгіме барысында блюпринттің 5 түрі қарастырылды, биофизиканы оқыту үшін нақты типтерді қолдану мәселелері талқыланды. Семинар барысындағы ұсыныстар оқу бағдарламаларын құрастурыда қолданылатын болады.