СМУ студенттері “Деструктивті идеологияға қарсы төзімділікті қалыптастыру” тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты

2019 жылғы 28 қыркүйек күні Шəкəрім атындағы мемлекеттік университетінде Абай облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша “Семей Жастар Ассамблеясы” қоғамдық бірлестігі “Деструктивті идеологияға қарсы төзімділікті қалыптастыру” атты жастарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Университетіміздің атынан университет қабырғасындағы Жас-Отан жастар қанатының мүшелері Ермуханбетова Фатима, Жұмағазы Айнаш, Ибраева Айнура семинарға қатысты. Семинар-тренинг барысында студенттерді бір-бірімен  таныстыру мақсатында ойындар ойнатылып,…

Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық фестивалі аясында өткен ,Б.Жакып «голос души» атты саунд-драмалық көріністі

25.09.2019ж Т.А. Назаров атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Кулямирова Ж.О бастауымен 320-топ,ЖМ факультетінің  студенттері  Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық фестивалі аясында өткен ,Б.Жакып «голос души» атты саунд-драмалық көріністі көріп қайтты. Ерекше орындаулық, актрисалық шеберліктің арқасында студенттер өмірлік ой түйіп ,рухани жағынан демалып  ,ерекше тәнті болды. «Басты мақсат-біліммен қоса ,өнерді де…

Семей медицина университетінде шағын футбол алаңы ашылды

2019 жылғы 28 қыркүйек күні Жастар жылына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей медицина университетінде шағын футбол алаңының салтанатты ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов, Семей қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі секторының меңгерушісі А.А. Құрманғалиев, дене тәрбиесі кафедрасының ардагері Т.Г. Селихова, спорт ардагерлері, студенттер мен оқытушылар қатысты.…

«Шырайлы шаһарым-Семейім»

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі-қарт Ертістің жағасында еркелей көсілген сүйікті қаламыз Семейдің төл мерейтойы дүркіреп атап өтілді. Біз, Семей медицина университетінің 3-курс жалпы медицина факультетінің 3124-топ және 3126-топ суденттері, Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы магистр, куратор Қанатбекова Арайлым Қанатбекқызымен орталық алаңдағы мерекелік іс-шараны тамашалауға бардық. Тарихы терең, тума таланттардың кіндік қаны тамған Семей қаласының…

Мектеп оқушыларының рационалды тамақтануы

Мектеп кезеңі өсудің қарқынды үдерістерімен, сүйек қаңқасы мен бұлшықеттерінің ұлғаюымен, зат алмасуының күрделі қайта құрылуымен және ағзаның әртүрлі жүйелерінің қызметімен сипатталады. Осы жас кезеңінің ерекшеліктеріне ақпарат ағынының өсуіне, мектеп бағдарламаларының күрделенуіне, сабақтардың қосымша жүктемелермен үйлесуіне байланысты оқушылардың айтарлықтай ақыл-ой қарқындылығы жатады. Бұл кезеңде тамақтанудың бұзылуы асқазан-ішек жолдарының функционалдық бұзылулары мен созылмалы ауруларына ғана емес, сондай-ақ,…