Семей медицина университетінде өткізіліп жатқан бейімделу аптасы аясында Жастар саясаты және сыртқы байланыс департаментінің директоры Г.Н. Таңатарованың бастауымен Жастар саясаты бөлімі 1-4 курс аралығында білім алатын студенттерге университеттің ішкі тәртіп ережесі, этика кодексі, университет құрылымы және жатақханада тұру ережесімен таныстыратын дәрістік жұмыс өткізуде.
Этика кодексінің маңыздылығын түсіндіру арқылы білім алушы мен оқытушының, барлық құрылымдық бөлімшелердің мамандары арасындағы байланысты, қарым-қатынасты нығайту жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ, ішкі тәртіптің қадағалануы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Білім алушылардың негізгі орындайтын ережелері мен міндеттері презентация жүзінде көрсетілді. Департамент өкілдері 1 курс студенттерін жатақхананың күнтізбесімен таныстырып, әр затқа үнемділік көзқараспен қарауға шақырды.